24 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №7-1/529

434 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 12 маусым, Астана қаласы Ветеринария саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-1-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған ветеринария саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналас­тырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ұлттық экономика министрі _______________Б. Сұлтанов __________________ Е. Досаев 2015 жылғы 23 маусым 2015 жылғы 10 шілде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 7-1/529 бұйрығымен бекітілген Ветеринария саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағалары Р/с № Жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалық зерттеулердің атауы Бір зерттеу-дің бағасы (қосылған құн салы-ғынсыз теңгеде) 1 2 3 1 Бруцеллезге диагностикалық зерттеулер 1) бруцеллезге сынауға арналған комплементті байланыстыру реакциясы (оның ішінде титрация, гемотоксиндігі, бақылау, антикомплементарлық, вакуумдық қан алу жүйесі) 220 2) бруцеллезге сынауға арналған сынаманың Роз-Бенгал реакциясы 72 3) бруцеллезге сынау үшін агглютинация реакциясын қайта қою 84 4) бруцеллезге сынау үшін комплементті байланыстыру реакциясын қайта қою 199 2. Бруцеллезге сынау үшін иммуноферментті талдау (иммуноферментті талдау, вакуумдық қан алу жүйесі) 734 3. Қошқардың жұқпалы эпидидимитіне диагностикалық зерттеулер 1) тұқымдық қошқардың жұқпалы эпидидимитіне сынау үшін комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы (комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы, оның ішінде титрация) 193 2) тұқымдық қошқардың жұқпалы эпидидимитіне сынау үшін комплементті ұзақ байланыстыру реакциясын қайта қою 254 4. Қойдың хламидиоздық (энзоотикалық) іш тастауына диагностикалық зерттеулер 1) қойдың хламидиоздық (энзоотиялық) іш тастауына сынау үшін иммуноферментті талдау 1345 2) қойдың хламидиоздық (энзоотиялық) іш тастауына сынау үшін комплементті байланыстыру реакциясы (хламидиоз комплементін байланыстыру реакциясы, оның ішінде титрация) 803 5. Аусылға диагностикалық зерттеулер (иммунитеттің қауырттылығын анықтау) 1) аусылдың вирусына иммунитет қауырттылығын сынау үшін иммунофертментті талдау (иммуноферментті талдау, вакуумдық қан алу жүйесі) 1790 2) аусыл вирусына иммунитеттің қауырттылығын сынау үшін комплементті байланыстыру реакциясы (комплементті байланыстыру реакциясы, оның ішінде титрация, вакуумдық қан алу жүйесі) 1212 6. Аусылдың вирусына құрылымсыз ақуызды сынау үшін иммуноферментті талдау 446 7. Лейкозге сынау үшін иммунодиффузия реакциясы 216 8. Лептоспирозга сынау үшін микроагглютинация реакциясы 251 9. Листериозға сынау үшін комплементті байланыстыру реакциясы (комплементті байланыстыру реакциясы, оның ішінде титрация) 393 10. Жылқының инфекциялық анемиясына сынау үшін диффуздық преципитациялау реакциясы 624 11. Жылқының эпизоотиялық лимфангоитін сынау үшін комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы (оның ішінде титрация, қайта қою) 346 12. Пастереллезге бактериологиялық сынау (оның ішінде бөлінген микрофлоралардың антибиотиктерге сезімталдығын талдау) 4 364 13. Туберкулезге бактериологиялық сынау 4176 14. Ірі қара малдың қарасан ауруына бактериологиялық сынау 3 693 15. Брадзотқа бактериологиялық сынау 3 693 16. Қойдың анаэробтық энтеротоксемиясына бактериологиялық сынау 5 799 17. Кампилобактериозға бактериологиялық сынау 3 878 18. Листериозға бактериологиялық сынау 4 218 19. Бруцеллезге сынау үшін бактериологиялық сынау, полимеразды тізбектеу реакциясы 12 644 20. Сібір жарасына сынау үшін бактериологиялық сынау, полимеразды тізбектеу реакциясы 7 244 21. Құтыруға сынау үшін диффузиялық преципитация реакциясы, иммунды люминесценттік төте микроскопия әдісі, вирусологиялық зерттеулер (диффузиялық преципитация реакциясы, иммунды люминесценттік төте микроскопия әдісі, вирусологиялық зерттеу) 17004 22. Етқоректілер обасына сынау үшін иммуноферментті талдау 2 959 23. Жылқының ринопнемониясына сынау үшін иммуноферментті талдау 4 002 24. Ұсақ малдың күліне сынау үшін диффузды преципитация реакциясы 2 177 25. Ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясына сынауға арналған иммуноферментті талдау 21 248 26. Құстардың жоғары патогенді тұмауына сынау үшін иммуноферментті талдау, полимеразды тізбектеу реакциясы 4 110 27. Токсоплазмозға сынау үшін комплементті байланыстыру реакциясы (комплементті байланыстыру реакциясы, оның ішінде титрация, қайта қою) 1 276 28. Блутангке сынау үшін иммуноферментті талдау 376 29. Паратуберкулезге сынау үшін иммуноферментті талдау 417 30. Вирустық диареяға сынау үшін иммуноферментті талдау 598 31. Инфекциялық ринотрахеитке сынау үшін иммуноферментті талдау 1 059 32. Шмалленберг ауруына сынау үшін иммуноферментті талдау 1351 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 14 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11893 болып енгізілді.